12.12.2016, 12:32
Оқылды: 55

Оралда 144 отбасы баспаналы болды

kvartiry-2Бүгін тұрғындарға жаңа 144 пәтердің кілті табысталды. Орал қаласының Зашаған кентінде бой көтерген 9 қабатты үйде басталған қоныстойға Батыс Қазақ облысының әкімі Алтай Көлгінов сәттілік тіледі.


– Тұрғын үй құрылысын «СВ Плюс» ЖШС екі жыл бұрын бастаған еді. Құрылысқа Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикалық 1,1 млрд. теңге бөлінді. Тоғыз қабатты тұрғын үйдің көлемі – 10 мың шаршы метр. 144 пәтердің 72-сі баспана кезегінде тұрғандарға берілсе, жартысы «Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі» салымшыларына арналған.

kvartiry-1Тәуелсіздік мерекесіне тарту ретінде жыл соңында тағы да үйлерді пайдалануға беретін боламыз. Елбасы саясатын осылай бірігіп жүзеге асырамыз. Пәтерлерді түрлі әлеуметтік топтарға – жас жанұяларға, мүгедектерге, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға беріп жатырмыз, – деген облыс басшысы үй құрылысын сәтті жүргізген мердігер-компания басшысы мен жұмысшыларына ризалық білдірді.

Салтанатты шарада пәтер иелелеріне баспана кілттері берілді. Өз кезегінде тұрғындар да Елбасыға, облыс пен қала әкімдеріне алғыс айтты.

Нұртай Текебаев

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале