5.01.2017, 10:24
Оқылды: 47

Зеленовта жемқорлық фактісі тіркелмеген

zelenov-jemkorlik-jok   Бұл жайлы «Нұр Отан» партиясы Зеленов аудандық филиалында өткен сыйбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында айтылды.


   Филиал жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, мәслихат хатшысы Рамазан Исмағұлов төрағалық еткен жиынға филиал төрағасының бірінші орынбасары Н.Дүзбатыров, қоғамдық келісім кеңесі, ардагерлер кеңесі төрағалары мен мүшелері қатысты.

Аудандық білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шарушылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімдері 2016 жылы сыйбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарған жұмыстарын баяндады.

  ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2014 жылғы 26 желтоқсанындағы №986 Жарлығымен бекітілген 2015-2025 жылдарға арналған сыйбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін аудандық білім беру бөлімінің 32 қызметкері ашық келісімге қосылған. Облыстық білім басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі №292 бұйрығы негізінде 2016 жылдың 4 мамырында №194 «Білім беру мекемелерінде ақша жинауға тыйым салу» туралы бұйрық шығарылып, мектеп директорларына таныстырылған.

  Тұрғын үй-коммуналдық шарушылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде жоспардан тыс  ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті «облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерлерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметінің орындалуын тексерген. Алайда, ешқандай заң бұзушылық анықталмаған.

  Сыйбайлас жемқорлыққа жол бермес үшін 2016 жылы облыс әкімі аппаратының қаулысымен БҚО мемлекеттік сатып алу басқармасына құрылыс жұмыстарын және ағымдағы жөндеу жүргізуге конкурс жариялауға рұқсат берілген болатын. Конкурс нәтижесінде аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тапсырысымен жалпы құны 806,8 млн.теңге құрайтын 8 жоба жүзеге асты. Аталмыш үш бөлімнің ешқайсысында да жемқорлық фактісі тіркелмеген.

Динара Беріш

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале