23.12.2016, 18:36
Оқылды: 29

Жазасын өтеушілердің 64,7% жұмыспен қамтылған

????????????????????????????????????

  Облыстық прокуратурада биылғы екінші жартыжылдықтағы қылмыстық жазаның орындалуының жай-күйі туралы баспасөз мәслихаты өтті.


  Жиынды ашқан облыс прокурорының көмекшісі, әділет кеңесшісі Әділ Ахмулдиннің айтуынша, облыс аумағында 3 қылмыстық-атқару  жүйесінің  мекемесі жұмыс жасайды.

   Сондай-ақ  17  пробация  қызметі,  15  уақытша  ұстау  изоляторлары, әкімшілік  ұсталғандар үшін 2 арнайы  қабылдау  бөлмесі  бар. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде прокуратура органдарымен  жүргізілген  тексерістер  нәтижесінде  551 заңбұзушылық  анықталды, оның  ішінде сотталғандар мен ұсталғандардың конституциялық құқықтарына  қатысты 17 дерек, 67 ықпал  ету  актілері  енгізілді,  107  лауазымды тұлға жауаптылыққа  тартылды.    ҚАЖД мекемесінің азық-түліктерді  сатып  алу бойынша 3  заңсыз  бұйрығы наразылық бойынша бұзылды, осылайша  120  млн. теңге бюджет  қаражатының заңсыз жұмсалуының  жолы кесілді.

   -Сотталғандардың  қоғамға  қайтадан  бейімделу жайы «100 нақты  қадам» Ұлт жоспарында да кеңінен қамтылған. Осыған  байланысты  қоғамдық  бақылауды  жүзеге  асыратын  қоғамдық  ұйымдардың  өкілеттіктері  айтарлықтай  кеңейтілді. Жыл  басынан  бастап  түрмедегі жандардың  саны  340  адамға  немесе  62%-ға азайды. Қазіргі  уақытта  мерзімінен  бұрын  босату  мен  жазасын  жеңілдету  тәжірибесі қолданылады. Біздің  жұмысымыздың  нәтижесінде  облысымыздың  түзеу  колонияларында  жазасын  өтеп  шыққан 270-ке жуық тұлға қалыпты өмірге бейімделуде,-деді Әділ Каримолдаұлы.

   Облыс прокурорының аға көмекшісі, әділет кеңесшісі Тимурлан Исмаилбаев  Түрме  реформасы форумының  ұсыныстарын  жүзеге  асыру  шеңберінде ашық есік күні, жәрменке сынды 26  шара жүзеге  асырылғанын жеткізді. Соның  нәтижесінде  колонияларда  жаңа 8 кәсіпорын  ашылды. Сотталғандарды  жұмыспен  қамту  нәтижесінде жазасын өтеушілердің 64,7% жұмыспен  қамтылды, 84 қосымша  жұмыс  орны ашылды. Бюджет  заңнамасының  сақталуы  бойынша  мақсатты  жұмыстар  жүргізілуде,  оның  барысында  сотталғандармен  32,8 млн. теңге  қайтарылды. Сондай-ақ «Еңбек -Орал»  РМК  БҚОФ директорына  қатысты сеніп тапсырылған мүлікті иелену және жымқыру  дерегі бойынша  қозғалған  қылмыстық  істің  сотқа  жолдануы  қамтамасыз  етілді.

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале