22.02.2017, 17:56
Оқылды: 31

Жабайы құстарды атуға тыйым салынады

Бұл туралы ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Марлен Айнабеков  хабарлады.


Оның айтуынша, көктемгі аң аулауға тыйым салу жабайы құстар санының өсімін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

- Зоология институты көктемде аң аулауға тыйым салуға биологиялық негіздеме жасады. Осыған байланысты көктемгі кезеңде жабайы құстарды атуға тыйым салынатын болады. Өйткені, 2012 жылдан бастап елімізде құстардың саны 2 млн-ға азайып кетті. Айта кетейін, күз және қыс кезінде құс атуға тыйым салынбайды. 2015 жылы көктемгі аң аулау кезеңінде 636 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелсе, биыл 758-ге жетті. Осы орайда, жануарлар әлемін сақтау және жануарлар санын көбейту мақсатында 6 ақпаннан 14 маусымға дейін көктемгі аң аулауға тыйым салынатынын хабарлаймын, - деді Марлен Айнабеков

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале