29.03.2017, 15:02
Оқылды: 40

"Жайық ет" зауытында ет өнімінің 100-ден астам түрі шығарылады

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев БҚО-ға жұмыс сапары барысында өңірдегі ет өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорындардың бірінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды  primeminister.kz. 

Нысанды аралау барысында Премьер-Министрі өндірістік корпус пен дайын өнім бөлімімен танысты және азық-түлік өнімдерін шығаруда қолданылатын технологиялар туралы баяндаманы тыңдады.

«Жайық ет» кәсіпорнының негізі 2003 жылы бұрынғы Орал ет комбинаты базасында қаланған. 2009 жылы мұнда өндірістің көлемді жаңғырту жұмыстары басталған, ол 2013 жылы аяқталған. Қазіргі таңда зауыт 100-ден астам ет шұжық және консерві өнімдерін шығарады.

Айта кету керек, кәсіпорынның тек қана ішкі нарықты өз өнімімен қамтамасыз етуден өзге, таяу шетелге экспортқа шығарып, облыс экономикасына оң ықпал ете алатындай мүмкіндіктері бар.

Бұл өте өзекті, себебі ҚР Президенті өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында Үкіметтің қолдау көрсетуі, бірінші кезекте, бәсекеге қабілетті, экспорттық кәсіпорындарға бағдарлануы керектігін атап өткен. Бұл Қазақстанның тауарлар мен қызметтерді шығару мен өткізудің жаһандық тізбегіне кірігу үшін қажет.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале