4.04.2018, 18:31
Оқылды: 75

Жайық өзеніндегі мұз әлі қалың

????????????????????????????????????

Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті 4 сәуір күнгі өңір аумағындағы су тасқыны жағдайының жай-күйін хабарлайды.

 Өзендердің гидрологиялық жай-күйі:

Жайық өзені (Январцево а.) – жиексулар, Жайық өзені (Орал қ.) – мұз қарайған, Жайық өзені (Тайпақ а.) – мұз қарайған, Елек өзені (Шелек а.) – жиексулар, Утва өзені (Лебенк а.) – мұз орнында еруде, Шаған өзені (Чувашинск а.) – жағада мұз қалдықтары бар, Үлкен Өзен (Жалпақтал а.) – мұз қарайған, Деркөл өзені (Белес а.) – мұз қарайған, Купераңқаты (Алғабас а.) – мұзда су бар, Өлеңті (Жымпиты а.) – мұзда су бар, Шідерті (Аралтөбе а.) – мұзда су бар, Қалдығайты өзені (Жігерлен а.) – мұз орнында еруде, басқа өзендерде әлі мұз бар. Жайық өзеніндегі мұздың қалыңдығы 39 см, Деркөл мен кіші өзендерде 60 см-ге дейін. Қардың максималды биіктігі – 39 см, минималды – 2 см, топырақтың максималды қату көлемі – 125 см, минималды көлемі – 24 см.

Ириклин су қоймасынан су ағызу 20 м.куб/с құрайды. Бос сыйымдылық - 644 млн. м3. Кіші Өзен өзені бойынша Варфоломеев су қоймасынан су ағызу жүзеге асырылмайды. Республикалық меншіктегі су қоймаларының орташа толығуы 54%.

Автомобильдік жолдар:

Су өткізу құбырларын тазарту  100% жүзеге асырылды (барлығы республикалық маңызы бар 459 құбыр, жергілікті маңызы бар 1140 құбыр).

Барлық аудандарда және облыс орталығында қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Шығарылған қардың көлемі – 525 мың м3 астам. Мұз кептелістерін болдырмас үшін өзендерде 215257 шаршы метр көлемді жалпы ауданда 39441 ойық бұрғыланды. 57 419 текше.м еріген су сорғызылды.

Ауылдық аудандар бойынша:

Ақжайық ауданында – 4100 текше.м қар шығарылып, 760 текше.м су сорғызылды, 17 бірлік техника жұмылдырылды.

Бөрлі ауданында –174 366 текше.м қар шығарылып, 6835 текше.м су сорғызылды, 11 бірлік техника жұмылдырылды.

Бөкейордасы ауданында – 80 текше.м су сорғызылды.

Жаңақала ауданында – 2545 текше.м қар шығарылып, 17936 текше.м су сорғызылды, 15 бірлік техника жұмылдырылды.

Жәнібек ауданында – 96 текше.м қар шығарылып, 2862 текше.м су сорғызылды, 15 бірлік техника жұмылдырылды.

Зеленов ауданында – 21105 текше.м қар шығарылып, 1164 текше.м су сорғызылды, 7 бірлік техника жұмылдырылды.

Қазталов ауданында – 8838 текше.м қар шығарылып,   549 текше.м су сорғызылды, 3 бірлік техника жұмылдырылды.

Қар суының еруінен 2018 жылдың 3 сәуірінде шамамен сағат 22.00-де «Казталов-Қошанкөл-Қараоба» аудандық маңызды жолдың 35, 40, 42, 54 км (35 км-де ені 8 м, тереңдігі 25 см; 40 км-де ені – 8 м, тереңдігі – 20-25 см; 42 км-де ені – 7 м, тереңдігі – 20-25 см, 44 км-де ені – 10 м, тереңдігі – 25 см) су басты. Жолға «Дорремсервис» ЖШС қызмет көрсетеді. Транспорттық қатынас тек қана жоғары өтімді техникаға мүмкін болады. ЖАО және жол қызметі, ЖПҚ (16 адам және 3 бірлік техника) күштерімен кезекшілік ұйымдастырылды.

Қаратөбе ауданында – 980 текше.м қар шығарылып, 910 текше.м су сорғызылды, 19 бірлік техника жұмылдырылды.

Қалдығайты өзеніндегі мұздың еруінен 2018 жылдың 2 сәуірінде сағат 17.35-те Қаратөбе-Қарақамыс жолын (ені 20 м және тереңдігі 20-30 см) су басты. Жол төсемін сақтау үшін (1800) ыдыс-қаппен тығыздау жұмыстары жүргізілуде. Халықтың жол жүруі жаяу жүргіншілер көпірі арқылы жүзеге асырылуда.

Сырым ауданында – 2680 текше.м қар шығарылып, 190 текше.м су сорғызылды, 8 бірлік техника жұмылдырылды.

Тасқала ауданында – 27827 текше.м қар шығарылды, 59 бірлік техника жұмылдырылды.

Теректі ауданында – 9990 текше.м қар шығарылды, 6050 текше.м су сорғызылып, 7 бірлік техника жұмылдырылды.

Шыңғырлау ауданында – 670 текше.м қар шығарылып, 170 текше.м су сорғызылды, 30 бірлік техника жұмылдырылды.

Облыс орталығы Орал қаласында:

272 570 текше.м қар шығарылып, 179 913 текше.м су сорғызылды, 104 бірлік техника жұмылдырылды.

БҚО ТЖД облыстық жедел штабына және «112» телефон номеріне өткен тәулік ішінде 96 қоңырау түсті, барлық қоңыраулар жұмыспен өтелді.

БҚО ТЖД «ӨҚ және АҚЖ» ММ 32 ж/қ, 12 тех., 12 м/п күштермен келесі мекенжай бойынша еріген су сорғызылды:

1) Орал қаласы бойынша: Неусыпов 112; Жұлдыз шағын ауд., 13-көше көшесі; Круглоозерное к., Комсомольская к., Октябрьская к., 1-май к.; Скоробагатов к.; Комитерн к., Беляев-1/6 к.

2) Аудандар бойынша: Ақжайық ауданы, Чапаево а., Абай к.; Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау а., Тайманов к. 67, Тасмағамбетов к., 26/1, Клышев к. 111/а; Бөрлі ауданы, Аралтал а., железнедорожная к. 156, Бурлинская к., 53; Теректі ауданы, Еңбек а., Еңбек к. 24/1; Теректі ауданы, Подстепное а., Ипотечная к.; Қазталов ауданы, Жалпақтал а., Фурманов к. 24. Барлығы 1.041 текше.м су сорғызылды.

Тартылған күштер мен құралдар:

БҚО ТЖД бөлімшелерінен: 13 бірлік техника, 105 жеке құрам;

БҚО ТЖД бөлімшелерінен: 38 жеке құрам, 14 бірлік техника, 14 м/п.

Жергілікті атқарушы органдардан: 383 бірлік техника, 1530 жеке құрам. «ЖайықТазаҚала» ЖШС 39 тех., 60 адам. Тәулік ішінде 216 өтініш келіп, оның 150-і өңделді.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале