9.12.2019, 9:59
Оқылды: 53

"Жайық Пресс" ақпарат агенттігінің фототілшісі жүлдегер атанды

Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ның Мәдениет сарайында облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен  Тәуелсіздік күніне арналған «Сәлем саған, Түркістан» өнер фестивалі қорытындыланды. Аталған фестивалдің мақсатыоблыстың имиджі мен туристік әлеуетін арттыру және түркі әлемінің орталығы ретінде дамуына үлес қосу, мәдениет пен өнердің халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету, өнерлі жастарға қолдау көрсету. Осы межеден шыға білген фестивалдің қортынды шарасына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов арнайы қатысып, гран при иегерлерін марапаттады, деп хабарлайды aimak.com.kz.

Айта кетейік, фестиваль аясында классикалық ән орындаушылар, балаларға арналған би, суретшілер мен фото суретшілердің «Түрленген — Түркістан» және «Open Turkistan» танымдық бейнероликтер мен «Turkistan fashion» киім дизайнерлерінің байқаулары ұйымдастырылған еді.

WhatsApp-Image-2019-12-06-at-15.36.11-1-1024x682

Қазылар алқасы екі күндік жұмыс барысында «Open Turkistan» бейнероликтер сайысына 93 бейнеролик келіп түссе, «Turkistan fashion» ұлттық киім дизайнерлерінің байқауына 50-ге жуық еңбек ұсынылып, финалға 10 дизайнердің жұмысы таңдалып алынды.

Би байқауына барлық аудан, қалалардан 15 би ұжымы қатысуға өтінім берсе, балалар мен жасөспірімдер арасындағы классикалық ән орындаушылар байқауына алдын-ала жүргізілген іріктеу кезеңі арқылы 25 үміткер соңғы кезеңге жолдама алса, «Түрленген Түркістан» суретшілер мен фото суретшілердің байқау-көрмесіне 33 кескіндемеші мен 17 фотосуретші өз жұмыстарын ұсынған болатын.

Сонымен қазылар алқасының шешімімен балаларға арналған би байқауының бас жүлдесі Түркістан қаласындағы «Шабыт» және Төлеби ауданыннан келген «Көркем» би ұжымдарына табысталды. Бәйдібек ауданынан келген «Асылым», Жетісай ауданынан келген «Шаттық» би ұжымдары жүлделі бірінші орыннан көрінді. Ал кентаулық «Шығыс ырғақтары» және сарыағаштық «Еркетай» би ұжымдарына 2-орынды еншілесе, «№1 Сайрам балалар саз мектебі» мен қазығұрттық «Балауса», шардаралық «Ақмаржан»  би ұжымдары үшінші орынды қанағат тұтты.

Ал «Түрленген Түркістан» суретшілер мен фото суретшілердің көрме байқауының кескіндеме номинациясы бойынша бас жүлдесі Нұр-Сұлтан қаласынан келген Маханбет Сейсенханға табыс етілді. Шымкенттік Арман Омаров бірінші орынды, шымқалалық Серікбай  Жорабеков пен Сейітбек Мажибаев екінші орынды, Шымкенттен келген Бейбіт Бертаев, түркістандық   пен Мұрат Шаханбаев және шымкенттік Омар Бабажановтар жүлделі үшінші орынды қанжығаларына байлады.

 Фотосуретшілер сайысында шымкенттік Сүндет Жанадилов бас жүлдеге, Мақсат Шағырбаев жүлделі бірінші орынға, Бейбіт Бертаев пен Салауат Жәнібекұлы екінші орынға, оралдық Мейірбек Ташкуранов пен шымқалалық Дәулетияр Балтабаев, нұр-сұлтандық Шүкір Шахай жүлделі үшінші орын иегері атанды.

суретті түсірген Мейірбек Тажкуранов

суретті түсірген Мейірбек Тажкуранов

«Open Turkistan» бейнероликтер сайысында шымкенттік Еркін Марғұлан

бас жүлдеге қол жеткізді. Айдана Көшен 1-орын, Алихан Конкин 2-орын, Әбдінаби Данияр үшінші орынды қанжығаларына байлады.

Бұдан бөлек, 7-12 жас аралығында классикалық ән орындаушылар сайысының бас жүлдесіне Төлеби ауданының өнерпазы Ғаламат Халық лайық деп танылды. Сарыағаштық айша Уалихан 1-орын, түркістандық Базарбай Ізбасар 2-орын, арыстық Арман Абдрахман 3-орын иегерлері атанды.  Ал, 13-17 жас аралығында төлебилік Ақбота Мұратқа тең келер ешкім болған жоқ. Шымкент қаласының өнерпазы Асқар Рысбек 1-орын, жетісайлық Бекасыл Сыйқымбай 2-орынды иеленсе, түлкібастық Диана Ерсерікқызы жүлделі үшінші орыннан табылды.

суретті түсірген Мейірбек Тажкуранов

суретті түсірген Мейірбек Тажкуранов

Сонымен қатар, «Turkistan fashion» ұлттық киім дизайнерлерінің байқауының бас жүлдесі Несібелі Есқараеваға, бірінші орын Іңкәр Мұхтарға, екінші орын Гаухар Қапақоваға, үшінші орын Салтанат Омароваларға бұйырды.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале