26.06.2018, 16:09
Оқылды: 102

«Жайық Прессте» журналистер күніне арналған мерекелік жиын өтті

IMG_0842Бүгін «Жайық Пресс» медиахолдингінде байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне арналған мерекелік жиын өтті. Шарада медиахолдингтің бас директоры Жантас Сафуллин журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбекте табыс тіледі.

Медиахолдингте қалыптасқан дәстүрге сай ардагер журналистерге құрмет көрсетілді. Олардың қатарында Мәжит Қайырғалиев, Ғилаж Наурызин, Амангелді Ақмурзин, Ұлдай Сариева, Владислав Ярлов, Ольга Куликтер бар. Жантас Набиоллаұлы ардагерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық тіледі. Өз кезегінде алдыңғы буын ұжымның құрметіне алғыстарын жеткізіп, ризашылықтарын білдірді.

IMG_0892Шарада медиахолдинг директорының орынбасары, журналист Ғайсағали Сейтақтың кеудесіне Ғұмар Қараш атындағы төсбелгі тағылды. Айта кету керек, аталған төсбелгі өткен жылы «Жайық Пресс» ЖШС жанындағы баспасөз тарихын зерттеу орталығының жетекшісі Қазыбек Құттымұратұлына табысталған болатын. Сонымен қатар жыл бойғы өнімді еңбектері үшін Сәкен Әбілхалықов, Нұртас Сафуллин, Галина Самойлова, Гүлжамал Кенжеғалиева, Ясипа Рабаева, Дархан Оразов, Светлана Гусакова, Ирина Кинисова, Нұрлыгүл Сұлтанова, Назгүл Ғұмарова, Айбатыр Нұраштар алғыс хатпен марапатталды.

IMG_0932Жиында «Қабыршақты көң-қоқыс пен өлексеге тола бере ме?», «Кабыршакты – антисанитарный рай» зерттеу мақалаларының авторлары «Жайық Пресс» ақпарат орталығының жетекшісі, журналист Нұрлыбек Рахманов пен «Приуралье» газетінің тілшісі Динара Киндербаеваның еңбектері ерекше аталып өтті.

IMG_0879-Мемлекеттің саясатын халыққа, ал халықтың мұқтажын керісінше билікке жеткізуде, азаматтық қоғамды дамытуда ақпарат құралдарының рөлі зор екені белгілі. Біз биыл да аз жұмыс жасамадық. Басты табысымыз - Ғұмар Қараш еңбектерінің үш томдығын шығардық. Өздеріңіз білесіздер, бірегей тұлғаның шығармалары тұңғыш рет толық жинақталып, басылып отыр. Жалпы газетімізбен тығыз байланысты, оның бастауында тұрған ұлы тұлғалардың мұрасын түгендеу жұмыстары жалғасады. Сонымен қатар, 1 шілдеден электронды жазылу жобасын қосып жатырмыз. Бұл да оқырмандарымызға жасап жатқан мүмкіндігіміз, - деді Жантас Набиоллаұлы.

Айдана Хамидуллина

zhaikpress.kz  

Фото Темірболат Тоқмамбет

IMG_0933 IMG_0846 IMG_0852 IMG_0857 IMG_0863 IMG_0868 IMG_0899 IMG_0901 IMG_0911 IMG_0913 IMG_0916 IMG_0918 IMG_0924 IMG_0926 IMG_0930 IMG_0932

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале