22.03.2017, 17:27
Оқылды: 28

Жайық жұрты Наурыз мейрамын тойлады

Бүгін облыс орталығындағы жаңа алаңда Наурыз мейрамына арналған көпшілік мәдени шаралар өтті.

Өңір басшысы Алтай Көлгінов Орал қаласы тұрғындары мен қонақтарын көктем мерекесімен құттықтады.

- Сіздерді барша қазақстандықтардың асыға күтетін мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Наурыз шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жылдың басталуын білдіреді және күн мен түннің теңелуі уақытына сәйкес келеді. Наурыз - жаңару мен береке-бірліктің, мейірімділіктің символы. Бұл күні барша жан өкпе-ренішті ұмытып, бір-біріне қонаққа барады. Дастарханнан дәм татып, игі тілектерін арнайды. Мен де әр жанұяға бақыт, тыныштық, табыс тілеймін.

Жергілікті өнерпаздардың өнері мерекенің шырайын аша түсті. Сонымен қатар тұрғындар да қарап қалмай, түрлі ұлттық ойындарға белсене қатысты.

Ауа райына қарамай мыңдаған оралдық Ұлы күнге арналған концерттік бағдарламаны тамашалауға келді. Қызылды-жасылды гүлдер мен қазақтың ұлттық киімін киген қыз-жігіттер жұртшылықты еріксіз сүйсінтті.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале