31.03.2017, 19:33
Оқылды: 20

«Жайықтың экожүйесін құлдыратпау үшін екі елде зертхана ашу керек»

Бұл туралы Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау саласындағы трансшекаралық ынтымақтастық келешегіне арналған кеңейтілген отырыста Ресей ғылым академиясы Орал бөлімі Дала институтының директоры, география  ғылымдарының  докторы, профессор Александр Чибилев пікір білдірді.

- Жайық өзені экожүйесінің нашарлауы себебінен өзен суының сапасы кеміп, балықтар азайып кетті. Өзеннің экожүйесін одан әрі құлдыратпау үшін Қазақстан мен Ресей жерінде мамандандырылған зертхана ашу керек. Және ол жыл сайын шілде айында Орал өзені күнін ұйымдастырып, сол күні тұрғындардың күшімен өзен жағасын тазартып тұруға ұсыныс жасаймын.

Бұдан соң сөйлеген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология және табиғатты қорғау мәселесі бойынша комитет мүшесі Шавхат Өтемісов Жайық өзенінің экожүйесін жақсарту бір күндік жұмыс емес екенін айтып, оның жұмысын үнемі жүргізіп отыратын арнайы жұмыс тобын құру керектігін айтты. Депутаттың сөзінше, бұл жұмыс тобына арнайы мәртебе берілуі керек. Бұл топтың негізгі жұмысы өзеннің экожүйесін жақсарту амалдарын қарастыру,  қаражат көзі мен гранттарды  іздестіру болмақ. Бұдан басқа  Жайық өзенінің экологиялық проблемасын «Жасыл ел» бағдарламасын пайдалану арқылы да шешуге болады. Ол үшін арнайы штаб құрып, осы штаб мүшелері жаз бойы Жайық өзенінің жағасын тазартуы тиіс.

 

      Айша ӨТЕБӘЛІ,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале