19.06.2018, 14:57
Оқылды: 96

«Жайықтың қасиетті орындары» атты республикалық форум жалғасуда (ФОТО)

Темирболат Токмамбетов09Орал қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ақтөбе мен Павлодар облысының көрмелері салтанатты түрде ашылды. Өлкетанушылардың «Жайықтың қасиетті орындары» атты республикалық форумына еліміздің әр өңірлерінен келген өлкетанушылар, тарихшылар мен музей саласының мамандары түстен кейін Павлодар және Ақтөбе облыстарының тарихи жәдігерлерімен танысты.


Павлодардан жәдігерлер артып келген Г.Н.Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінің көрмесі екі бөлімнен құралған. Біріншісі «Тамыры терең туған жер» атты көрмесінде сол өңірдің материалдық және рухани мәдениетінен сыр шертетін музей қорында сақталған көне жәдігерлер, фотосуреттер мен ағаш, киіз, тері өнімдерінен жасалған туындылар қойылған. Ал екінші бөлігінде ұлы тұлғалардың өмірі туралы баяндайтын жеке заттары мен павлодар өңіріне танымал фотосуретші, өлкетанушы Дмитрий Багаевтың шығармалары көрерменге ұсынылды.

«Ақтөбе жері-қаһармандық дастаны» атты Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражай қоры да өзіндік ерекшелігімен көрерменге ұнады. Арынғазы хан мен ержүрек батыр Есет Көкіұлының сауыты, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова туралы деректер, атақты тарихшы Шығанақ Берсеев пен халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің жеке заттарын тамашалауға келушілер дән риза.

Шара барысында тағы бір қызықты нәрсеге көз жеткіздік. Ол суретші-иллюстратор Аңсаған Мұстафаның сурет көрмесі. Он бес жасынан бастап сурет өнерімен танылып жүрген Аңсағанның аталмыш көрмеге 44 суреті ілінген. Екі-ақ түспен салынған суреттердің барлығы да көрмеге келген адамның санасына ой салмай қоймайды.

-Осы бағыттағы суреттерді салғанды ұнатамын. Кейін менің туындыларымды әлеуметтік желі арқылы көргендер қызығушылық танытты. Содан бері бұл жанрды дамытуға күш салып келемін. Қазіргі таңда футболкаларға сурет жапсыруды қолға алдым,- дейді Аңсаған Мұстафа. Форум қонағы, суретші Аңсағанның көрмесі екі апта бойына көрерменге есігі айқара ашық тұрады.

Аталған музейде ұйымдастырылған көрме «Рух дауысы» атты кешкілік шарамен жалғасты. Онда ұлттық салт-дәстүрлерді бейнелейтін көріністер, қолөнершілер жәрмеңкесі, сән көрсетілімі және мерекелік концерт дәстүрлі түрде ұйымдастырылды. Осы күндер аралығында тәжірибе алмасатын музей мамандары туристік сапарларға шығып, Орал қаласы ғана емес, Теректі, Сырым, Жәнібек, Бөкей ордасы аудандарындағы қасиетті орындармен танысады.

Темірболат ӘНУАРҰЛЫ

фото автордікі

Темирболат Токмамбетов144 Темирболат Токмамбетов02 Темирболат Токмамбетов03 Темирболат Токмамбетов04 Темирболат Токмамбетов05 Темирболат Токмамбетов06 Темирболат Токмамбетов08 Темирболат Токмамбетов11 Темирболат Токмамбетов12 Темирболат Токмамбетов13 Темирболат Токмамбетов14 Темирболат Токмамбетов15 Темирболат Токмамбетов09Темирболат Токмамбетов11 Темирболат Токмамбетов03 Темирболат Токмамбетов04 Темирболат Токмамбетов05 Темирболат Токмамбетов06 Темирболат Токмамбетов08zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале