24.03.2017, 19:23
Оқылды: 37

"Жайықтың жадындағы жақсы адам"

IMG-20170324-WA0008Бүгін Қадыр Мырза Əлі атындағы мəдениет жəне өнер орталығында дəл осындай тақырыпта еске алу кеші өтті.


Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, белгілі қаламгер Қайыр Бектұрғановтың шығармашылығына арналған кеште ардагер-журналист Тихон Əліпқалиев, Жəңгір хан атындағы БҚАТУ-дың профессоры, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты Болатқали Төлеубаев, жазушының зайыбы Надежда Жұбайқызы естелік-сыр шертті.

"Қайрекең ойы мен бойы келіскен, парасатты адам болды. Мен оның бойындағы үш қасиетін атап өткім келеді. Біріншіден, ол кісілік қадір-қасиетін өмір бойы сақтай білді. Екіншіден, математика секілді күрделі ғылымды игере білді. Үшіншіден, ол - талантты жазушы болды",  - деді Тихон Əліпқалиев.

"Студент кезінен əдебиет əлеміне терең бойлап, тынымсыз ізденумен болды. Жоғары оқу орнын тəмамдағаннан кейін шаңырақ көтердік. Қаламгерлікке бет бұрғанда, жазушылық міндетіне жауапкершілікпен қарады. Бір жазған əңгімесін мұқият өңдейтін. Қоғамдағы барлық мəселелер оны толғандыратын. Əсіресе, жастардың сөйлеу мəдениетіне ерекше назар аударды. Ұстаз болғасын шығар, əдеби туындыларында, көсемсөздерінде жастар тəрбиесіне баса мəн берді. Жат діни ағым мəселелері күрделенгеніне де жаны қайысып, ата-бабадан қалған мұсылманшылық жолды насихаттады", - деді зайыбы.

Шара барысында жазушының өмірбаянынан шағын ролик көрсетілді. Əдеби-сазды кеште жергілікті əншілер əн шырқады.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале