8.09.2020, 18:14
Оқылды: 972

Жайықтың Жансаясы мектеп оқулығына енді

Халықаралық, республикалық ақындар айтысының жүлдегері, «Алтын домбыра» иегері Жансая Мусина мектеп бағдарламасы бойынша 10-сыныптың қазақ тілі оқулығына енді. 

Жансая

Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныбына арналған оқулықты жазған авторлар Ж.Қ.Балтабаева, Е.О.Арын, Г.Ы.Әбдіраман. Оқулық Алматы қаласындағы «Атамұра» баспасынан 2019 жылы шыққан.

Оқулыққа суретімен қоса енген Жансая Мусина 1985 жылы 12 наурызда Бөкейордасы ауданы, Сайқын ауылында дүниеге келген.

Кіт 2

2000-2002 жылдары М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының қабырғасында білім алған.

Талдықорғанда өткен Сүйінбай Аронұлының 190 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық ақындар айтысында Ақын Сара атындағы ІІ жүлде иегері (2005).

Шымкент қаласында Жамбыл Жабаевтың 160 жылдығы мен ҚР желтоқсан оқиғасының 20 жылдығы және Наурыз мерекесіне арналған ақындар айтысында 2 орынды жеңіп алды.

Кіт 1

Өскеменде өткен студенттер арасындағы республикалық ақындар айтысында ІІ орынды иеленді.

Оңтүстік  Қазақстан облысында Дінмұхамед Қонаевтың 95 жылдығына  арналған республикалық Наурыз мерекесіне арналған айтысында жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Атырау қаласының Махамбет ауданында Бала Ораз Өтебайұлының 175 жылдығына арналған аймақтық ақындар айтысында жүлделі ІІ орын (2007).

Орал қаласынды өткен «Жайықтың айтысына жарты ғасыр» атты аймақтық – республикалық ақындар айтысында ІІ орын жүлдегері (2008).

Қол бастаған көсем, сөз бастаған шешен Сырым батырдың 265 жылдық мерейтойына арналып өткізілген республикалық айтысында бас жүлдеге ие болды.

Сонымен қатар, облыс әкімінің қолдауымен тағайындалған Ақұштап Бақтыгереева атындағы сыйлықтың иегері.

Айта кету керек, Жансая Мусина жуырда ғана «Қазақстан Конституциясына – 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған болатын.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале