25.05.2017, 11:00
Оқылды: 95

«Жақсыдан қалар жарқын із» атты кеш жазушы Сара Латиеваға арналды

Sara latieva    Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Сара Латиеваның 70 жасқа толуына орай «Жақсыдан қалар жарқын із» атты кеш өтті.


       Бөкей ордасы ауданы Хан ордасы ауылында 1947 жылы дүниеге келіп, Алматыда 1969 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітіргеннен кейін осы салада жемісті қызмет атқарған Сара Латиева «Мен соғысты көргенім жоқ», «Бұлбұл», «Хадиша Бөкеева», «Төрелігін өздерің айтыңдар», «Туған жердің түтіні» сынды кітаптар жазып, әдебиетке де айтулы үлесін қосты. Күләш Байсейітова, Хадиша Бөкеевадай бірегей тұлғалармен кездесіп, олардың өмірі мен шығармашылығы туралы кітап жазған қаламгердің естелігі ерекше әсерлі болды.

     Мерейтой иесіне ақындар, Қазақстан Жазушылар одағы БҚО бөлімшесінің төрайымы Ақұштап Бақтыгереева, Қадыр орталығының директоры Бауыржан Халиолла ықылас-ниеттерін білдіріп, иығына қамзол жапты. Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің алғысхаты табыс етілді.

     Танымал домбырашы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ермек Қазиев ақ тілегін арнап, Динаның «Бұлбұл» күйін тартып берді. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жұмағаным Рахимова, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Жаскелең Ғайсағалиев пен Дастан Есентеміров, республикалық байқаулардың лауреаты Ернар Өмірәлі сынды әншілер де кештің көркін әдемі әндермен көтере түсті.

Елжан Ералы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале