14.03.2017, 11:30
Оқылды: 30

Жалпақталда Наурыз тойы басталды

Screenshot_2017-03-15-08-47-37-114 наурыз - Көрісу күні. Бұл күні халық қыстан аман шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Дәл осы күні Жалпақтал ауылының тұрғындары Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамын тойлауды бастап кетті.


К.Меңдәлиев атындағы орта мектеп, Жалпақтал газ шаруашылығы, Жалпақтал мұрағаты, Жалпақтал коммуналдық кәсіпорны мекемелері бірлесе ұйымдастырған Наурыз той аталған мектептің ауласында өтті.
Мерекенiң ашылу салтанатында төрт ұжымның театрландырылған қойылымы көрсетiлiп, Қыдыр баба елге, жерге жақсылық, молшылық, табыс, береке, ынтымақ, бiрлiк тiлеп, ақ батасын бердi. Жиналған қауымға Наурыздан наурызға дейiнгi жетiстiктердi жария етiп, Ұлыстың ұлы күнiмен құттықтады.

Screenshot_2017-03-15-08-48-03-1Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова, округ әкімі Самиғолла Ақмурзин және біріктірілген төрт ұжымның басшылары жиналған жұртшылықты Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтап, көпшілікке ақ тілектерін арнады.

Түрлі спорттық ойындар болып, білектілер мен жеңімпаздар анықталды. Жиылған жұртшылық ашық аспан астында ән айтып, би билеп, мерекені көңілді күймен бастады. Киіз үй тігіліп, ақ жаулықты әжелеріміз бен аналарымызға, еңбек ардагерлерімізге наурызкөже, бауырсақ үйлестірліп, ақтан ауыз тиді.
Ертеңгі күнгі Наурыз мерекесі келесі ұжымдарда өз жалғасын таппақ.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ

Жалпақтал ауылы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале