20.09.2018, 13:00
Оқылды: 39

Жалпықазақстандық диктант жазу шарасы өтуде

Бүгін Оралдағы Достық үйінде Астана қаласының 20 жылдығына орай, «Астана – Бейбітшілік бесігі» тақырыбында  жалпықазақстандық диктант жазу шарасы өтті. Оған 50-ге жуық адам қатысты. Шара тек бұл жерде ғана емес университет, кітапхана, мектептерде де өтуде.

             Осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп отырған шараның басты  мақсаты – мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты арттырып,  қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.

Шарада қатысушылар өз білім деңгейлерін және қаншалықты сауатты жазатындарын тексерді. Облыстық «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің басшысының міндетін атқарушы Жамал Ихсанованың айтуынша, аталмыш шараға беларусь, кәріс, ұйғыр секілді этнос өкілдері де қатысуда. Қатысушылардың жазған диктанты Астанаға тексеруге жіберіледі. Кім қандай баға алғанын ертең біле алады.

- Қолыма көптен қалам ұстамағасын ба, жаңа диктант жазып жатқанда қалып қойып отырдым. Көбіміз компьютерге жазып үйреніп қалғанбыз ғой - дейді ұйғыр этномәдени орталығы жастар қанатының төрағасы  Илияр Муталипов.

Айта кетейік, аталаған шара еліміздің барлық өңірлерінде бір уақытта өтіп жатыр.

 Е.ЕЛЕКЕНОВ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале