21.02.2017, 10:50
Оқылды: 89

Жамбыл облысында қаза тапқан әскерилерді еске алды  

 

ҚР Орталық коммуникациялар қызметі өкілі Мұрат Жұманбай қайтыс болған сарбаздардың отбасылары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтты. Брифинг қатысушылары қайтыс болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.


«Барлығыңыз білетіндей, 17 ақпанда Жамбыл облысы Жуалы ауданының Көксай шатқалында қар көшкіні болды. Соның нәтижесінде ҚР Қорғаныс Министрлігі тау-егерь полкінің 23 әскери қызметшілері қар үйіндісі астында қалып қойды. Жедел іздестіру-құтқару жұмыстарына құтқару бөлімшелері, атап айтқанда, 24 техника мен 185 адам жұмылдырылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 16 әскери қызметші құтқарылды, 7 сарбаз қайтыс болды», – деп атап өтті М.Жұманбай.

Сондай-ақ ОКҚ ресми өкілі Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың қайғылы оқиғаның тергеу барысын жеке бақылауына алғанын жеткізді.

«Оның тапсырмасы бойынша қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жұмысын жүргізу үшін Үкіметтік комиссия құрылды. Олар Жамбыл облысына барып, қайғылы оқиғаның себептерін зерттеп, қайтыс болған жауынгерлердің отбасыларына тиісті көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырады», – деді М.Жұманбай.

Қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 5 жылдық есептік көрсеткіш мөлшерінде қаржылайматериалдық көмек көрсетіледі.

 

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале