28.11.2017, 16:16
Оқылды: 18

Жаңа 500 теңгелік банкнот айналымға енгізілді

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылғы 22 қарашадан бастап 2017 жылғы үлгідегі дизайны өзгертілген номиналдық құны 500 теңгелік банкноттарды айналысқа шығарды. Айналымға енген жаңа 500 теңгелік банкнотты бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Ұлттық банкі БҚО филиалының директоры Қозыбақ Әбуұлы Құлбарақов  таныстырды.

Оның айтуынша, жаңа банкноттың дизайны айналыстағы «Қазақ Елі» сериясының ақша белгілерімен бірыңғай стильде – бет жағында басым түрде тігінен бейнелер, ал сырт жағында көлденең түрінде бейнелер орындалған. Басым түсі – көгілдір - көк. Банкноттың өлшемі – 130х62 мм.

- 2006 жылғы үлгідегі және 2017 жылдың  үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар 2020 жылдың 20 маусымына дейін  Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында заңды төлем құралы болып табылады және төлемдер мен ақша аударымдарының барлық түрлері бойынша қабылдануға міндетті.

Заңды төлем құралы болып табылатын банкноттар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады,-деді Қ.Қозыбақов.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале