5.12.2019, 18:47
Оқылды: 64

Жаңа кітап жарыққа шықты

Бүгін Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасында ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі, «Мақсат» медициналық колледжінің директоры, қалалық мәслихат депутаты Мақсот Бергеннің «Бата дәстүр баяны» атты кітабының тұсауы кесілді.

 maksot

Мақсот Қабышұлының автор-құрастырушы ретінде шығарған бұл кітабына халық арасындағы түрлі тақырыптағы баталар жинақталған.

 - Қазақ халқы үшін батаның мәні зор. Бата алған адамның жаны жадырап, көңілі жайланады. Бата адамға рухани азық сыйлап, болашаққа қаққан қанатын қатайтады. Мен 20 жыл бойы ізденіп, жинаған бата түрлерін осы жинаққа топтастырдым. Аузы дуалы би-шешендердің, қоғам қайраткерлерінің айтқан сөздерінің, берген баталарының мәні бүгін де жойылған жоқ. Сондықтан да жас ұрпақты тәрбиелеуде де батаның алатын орны зор деп білемін, - деп атап өтті автор.

maksot

Кеш барысында Мақсот Қабышұлының замандастары, сыныптастары сөз алып, кеш иесінің балалық шағы жөнінде, өмір жолын әңгімелеп, естеліктерімен бөлісті. Ал облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Медғат Қамбетов Мақсот Бергеннің БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ағайын» қазақ этномәдени бірлестігінің төрағасы ретінде атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың студенттері дәстүрлі әндер шырқап, кеш көрігін қыздырды.

Ясипа Рабаева

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале