15.01.2021, 15:36
Оқылды: 485

Жаңа құраммен алғашқы сессия өтуде

WhatsApp Image 2021-01-15 at 15.27.38

Орал қалалық мәслихатының жетінші шақырылымдағы бірінші сессиясы өтуде. Аталған сессияның күн тәртібіне орай қалалық мәслихат хатшылығына Есентай Қалиев тағайындалды.

Сонымен қатар қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары құрылып, олардың төрағалары бекітілді. Қалалық мәслихатта экономика, бюджет және қаржы, индустриалдық даму, инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық мәселелері, әлеуметтік мәселелер мен жастар ісі, нормативтік-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиялар жұмыс жасайтын болады.

Сондай-ақ сессияда қалалық сайлау комиссиясыңын төрағасы Нұрлан Бекқайыр сайлау жұмысының қорытындысымен таныстырып, жаңадан сайланған депутаттарға мандаттар табыс етті.

Шаһар басшысы Абат Шыныбеков осы кезге дейін мәслихат құрамында болып, жемісті еңбек еткен депутаттарға алғыс айтып, жаңа құрамның жұмысына сәттілік тіледі.

Н.Оразаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале