20.08.2019, 11:44
Оқылды: 447

Жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды

tokaevМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев отандық білім саласының белді ұстаздары, ғалымдары, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың басшылары қатынасқан конференцияда сөз алып, өз ойымен бөлісуі және жаңа ұсыныстары КазИИТУ ғылыми-білім кешенінің оқытушы – профессор құрамына үлкен серпіліс әкелді. Бұл қоғамдағы қалыптасқан «Педагог мәртебесі туралы» заң аясындағы көптеген өзекті мәселелердің шешімін табуға жол ашты.

 

Мақсат айқын, жаңа бастамалармен, ғылыми ізденістер және жаңашылдықтарға ұмтылған үмітіміз болашақта ақталады деп сенеміз. Себебі бізде барлық мүмкіндіктер бар, тек адал, таза қоғам игіліне қызымет  етуміз қажет. Осы және басқа да  тамыз конференция барысында қарастырылған  мәслелелер мен ұсыныстар  КазИИТУ ғылыми-білім кешенінің оқытушы – профессор құрамы қатынасқан ғылыми кеңес жұмысы барысында  талқыланып, үлкен қолдау тапты.

Жаhандану заманында жаңа технологияның қарқынды дамуы, қоғам  өміріне кеңінен енуі, бізден әлемдік білім стандарттарына сай жан-жақты дайындықты қажет етеді, осы бағытта жұмыс жасай отырып,  Тәуелсіздігіміздің  болашағы, негізі  болып табылатын ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде КазИИТУ ғылыми-білім кешенінің оқытушы – профессор құрамы өз үлестерін қосады деп сендіремін.

Әліби Баяхов,

Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялар

жүйелер университетінің ректоры

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале