17.03.2017, 17:16
Оқылды: 18

"Қазақстан азаматтары оқулықтың сапасы бойынша өз ұсыныстары мен ескертулерін жолдай алады"

Алғаш рет пәндік комиссияның құрамы 40 адамға толықты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы оқулықтардың бірыңғай дерекқорын іріктеу бойынша республикалық комиссияның жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі комиссия мүшесінің қатарын 13 адамнан асырған емес. Биылғы жылы комиссия құрамы өзгеріске ұшырап отыр. Комиссия жұмысына 40 біліктілігі жоғары мамандар тартылды. Бұл еліміздің әр аймағынан әр пән бойынша жиналған ұстаздар, басшылар, ғалымдар, Бірғаным Айтымова, Бекболат Тілеухан, Жамбыл Ахметбеков тәрізді Сенат депутаттары»,-деді Эльмира Суханбердина. Оның мәліметінше, барлық пәндік комиссия саны 140-қа дейін жетеді.  Оның айтуынша, пәндік комиссияның  жұмысы толықтай бейнекамераға жазылып отырады.

«Комиссия жұмысына кері әсерін тигізбеу үшін комиссия мүшелеріне алдын ала қатаң ескерту жасалынды.  Республикалық пәндік комиссия мүшелерінің қатысуымен ғана жабық тәртіпте комиссияның жұмысы қорытындыланады»,-деді Эльмира Суханбердиева.

ҚР БҒМ өкілінің ақпаратына сүйенсек,  байқауға 12 шетел және отандық баспалар қатысқан. «Байқаудың іріктеуіне 100 –ге жуық оқулық ұсынылды. Оқулықтың жартысы оқулық сапасының төмендігіне байланысты байқаудан шығарылды.  Қалған оқулықтардың сапасы мен мазмұны екі апта бойы толықтай зерттелді»,-деді  Эльмира Суханбердина. Сондай-ақ, ол  оқу материалдары мазмұнының жаңаруына байланысты оқулықтар бірқатар өзгеріске ұшырағанын  жеткізді. «Негізінен оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту бағыты жаңаруға ұшырады»,-деді Эльмира Суханбердина.

Эльмира Суханбердина осы аптадан бастап оқулықтардың мәтінін ҚР БҒМ ресми сайтынан көруге болатынын атап өтті. «Бір ай бойы оқулықтар ресми сайтта ұсынылатын болады. Қазақстан азаматтары оқулықтың сапасы бойынша өз ұсыныстары мен ескертулерін жолдай алады. Талқылау нәтижесінде баспаханалар оқулықты басып шығаруға кіріседі»,-деді ҚР БҒМ вице-министрі.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале