20.06.2017, 20:42
Оқылды: 76

Жаңа жобалар жүзеге аспақ

Utegulov   Бүгін облыс әкімінің орынбасары Арман Өтеғұловтың төрағалық етуімен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша жүзеге асырылатын жобалардың  барысы талқыланды.


       Дөңгелек үстелге зиялы қауым өкілдері қатысты.

  -Елбасының бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру үшін облыста жобалық кеңсе құрылды. Жобалық кеңсенің басшысы облыстық «Болашақ» қауымдастығының төрайымы, облыстық мәслихаттың депутаты Салтанат Тұманбаева болса, кеңсе мүшелерінің қатарында «Нұр Отан» қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Дәулетжанов пен  облыстық балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы директорының орынбасары Гүлсім Мусағалиева бар. Бүгінгі басқосуымыздың себебі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру ауқымындағы осы кезге дейін атқарған жұмыстар мен болашақта іске асатын жобаларға тоқталатын боламыз, - деді облыс әкімінің орынбасары Арман Кәрімұлы.

  Келесі сөз кезегін алған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бақытжан Нарымбетов «Атамекен», «Ақпарат толқыны» бағдарламалары бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.

Bakkitjannn  -Өңірде жаңадан құрылған жобалық кеңсенің жұмысы төрт бағыт бойынша өрбиді. Олар «Атамекен», «Тәрбие және білім», «Рухани қазына» және «Ақпарат толқыны» болмақ. Облыстық ішкі саясат басқармасы «Атамекен» мен «Ақпарат толқыны» бағдарламасын жүзеге асырады. «Атамекен» бағдарламасының негізгі мақсаты - облыс тұрғындары мен кәсіпкерлердің елге, жерге деген сүйіспеншілігін, жанашырлығын ынталандырып, үздік нәтижелерін халыққа көрсету. Облыстық ішкі саясат басқармасы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде нақты жұмыстар атқаруда. Осы орайда мемлекеттік органдардың, облыстық ҚХА, үкіметтік емес ұйым мүшелерінен, мәслихат депутаттарынан  ақпараттық топ құрылып, облыстың 12 ауданының 84 елді-мекенін аралап ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оған 6 мыңнан астам тұрғын қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында 326 матераиал жарық көрді. Болашақта аудандық, қалалық, облыстық «Жомарт жүрек» салтанатты шаралары жүзеге аспақ. Сонымен қоса «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту мақсатында пікірталас клубтарын, акциялар мен салауатты өмір салтын насихаттауға арналған іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланған болатын. Дарынды, көшбасшы жастарды анықтау мақсатында «Жыл үздігі - 2017» жастар премиясын табыстау рәсімі өтпек. Облыс бойынша туған жерінің дамуына ерекше үлес қосып, еңбегін сіңірген 114 тұлғадан тұратын алғашқы тізім жасақталды. Сондай-ақ БАҚ өкілдерімен өңірдің тарихи, киелі жерлеріне экспедиция ұйымдастырып, облыстық ғылыми танымдық пресс-турлар өткізу жоспарлануда,- деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бақытжан Хаберұлы.

  Сондай-ақ Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде дайындалған «Тәрбие және білім» бағдарламасы бойынша  облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева өңірдегі  атқарылған жұмыстарды атап өтті. Айгүл Әділгерейқызының мәліметінше, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы 2017-2022 жылдар аралығында жүзеге аспақ. Осыған орай облыс бойынша 92 іс-шара жоспарланып, оған жалпы 669 млн. 400 мың теңге бөлінбек.

  Басқосуда бірқатар сала мамандары осы тақырып төңірегінде өз ойларын айтып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

                                               Гүлсезім БИЯШЕВА

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале