7.09.2017, 11:46
Оқылды: 43

Жаңабек Жақсығалиев: "Он төртті" мұқым қазақ оқуы тиіс

IMG-20170907-WA0051Дəл қазір "Жайық Пресс"медиахолдингінде жазушы Мұнайдар Балмолданың "Он төрт" романының таныстырылымы өтуде.

Шарада сөз алған тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев:

- Мұнайдар Балмолда - сегіз қырлы бір сырлы азамат. Роман дер кезінде жазылды деп ойлаймын. Жəне бұл үлкен көштің басы болар. Тарихи роман жазу өте қиын дүние.

"Бекмаханов ісінен» кейін ұлттық тарихи сананы қалыптастыруға қазақ жазушылары білек сыбана кіріскені белгілі. Құдайға шүкір,  І. Есенберлиннен басталған алтын шынжыр үзілген жоқ. Кеңес дәуірін былай қойғанда ел тәуелсіздігімен бірге қаншама тарихи романдар жазылып жатыр. Соның бірі – қолымыздағы дүние.

М. Балмолда бұл жолы тарихи тақырыпқа жазатын жазушылық қырымен ерекшеленіп, көркем шығармасымен жұртшылық назарын өзіне аударып отыр. Айтатынымыз, «Он төртті» мұқым қазақ баласы оқуы тиіс.

Ойымызды тобықтай түйсек, автордың көркем шығармашылық қиялындағы барлық кейіпкер атаулы – бәрі де өмірде болған тарихи адамдар. Роман оқиғасы шын өмір дерегінен алынған. Ең бастысы – өлке тарихының таңдақтарының көркем шығарманың өзегіне айналуы қуантарлық құбылыс.

Ғұбайдолла Әнесов құрған Жалпақталдағы жасырын жастар ұйымы туралы бұған дейін ғылыми айналымға енген тарихи фактілердің көркемдік тұрғыдан игерілуі, романда азаттық үшін айқасқа түскен алаштың айбоз ұлдарының күрескерлік, қайраткерлік қызметінің ерекше сомдалуы, әсіресе, ел тәуелсіздігімен бірге көк құрақтай желкілдеп өсіп келе жатқан жас толқынға өнеге.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале