25.10.2018, 21:44
Оқылды: 74

Жаңақала ауданындағы мектепте болған оқиғаға қызметтік тексеріс жүргізілуде

Жаңақала ауданы Жуалыой ауылы Х.Нұрымғалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 22 қазан күні осы мектептің
7-сынып оқушысы Аманжол Елтыныш 6-сынып оқушысы Жарас Эльвираның сол жақ қарына шприц сұғып алған. Оқушы медбикеге барып алғаш көмек алған.

IMG-20181025-WA0109 Күні бүгін жарақат алған қыз бала аудандық емханада медициналық тексерістен өткізіліп, ем алуда және қосымша амбулаторлық бақылау тағайындалды.
Жалпы медициналық тексерістің алдын-ала қорытындысы бойынша қан арқылы жұғатын қауіпті инфекциялық аурулардың белгілері анықталған жоқ.
Болған оқиғаға байланысты Жаңақала аудандық білім бөлімінің 25.10.2018 ж. №104-1 бұйрығымен қызметтік тексеріс жүргізілуде.
Қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға тиісті шаралары қабылданатын болады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале