29.04.2019, 11:05
Оқылды: 163

Жаңақалада «Үздік тәрбие жұмысының жүйесі» атты облыстық байқау өтті

БҚО білім басқармасының ұйымдастыруымен Жаңақала ауданы Жаңақала мектеп-гимназиясында «Үздік тәрбие жұмысының жүйесі» атты облыстық байқауы ұйымдастырылды.

borli (10)

Мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, педагог-психологі, тәлімгер мен әлеуметтік педагогтерден құрылған 14 команда намысқа тырысты.

Байқау II кезеңнен тұрды. Алғашқы бөлімде қатысушылардың «Заманауи оқушыларды тәрбиелеудегі әлеуметтік және шығармашылық жобалары» туралы бейнеролик YouTube арқылы көрсетілді. Соңғы бөлім «The best group school» және «Ортақ міндет, бір ұжым» атты екі кезеңнен тұрды. Мұнда қатысушылар аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, жалғызбасты үлкендерге көмектесіп, сауықтыру кешенінде концерт қойды.

Байқауға 70 білім беру саласының қызметкері қатысты. Олар шара барысында  мектеп алаңына 12 түрлі жеміс ағашын отырғызды.

Білім бәсекесінің қорытындысы бойынша І орын Орал қаласындағы Ə.Молдағұлова атындағы N38 мектеп-лицейіне бұйырды. Ал Бəйтерек ауданы Щапов мектебі командасы мен Бөрлі ауданы Пугачев мектебінің командасы ІІ орыннан көрінді. Үздіктер үштігін Ақжайық ауданы Қ.Байсықов атындағы мектеп пен Бөкей ордасы ауданы Ш.Жексенов атындағы мектеп пен Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-лицей интернаты иеленді.

         Үміт Жәңгірова,

БҚО білім басқармасының

баспасөз хатшысы

borli (1) borli (2) borli (4) borli (5) borli (6) borli (7) borli (9) borli (11)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале