15.02.2020, 15:21
Оқылды: 395

Жаңақаладағы ауданаралық аурухана жабылмайды

Бұл жайлы БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің халық алдындағы есебі кезінде айтылды.

-Облыс халқы Жаңақала ауданындағы ауданаралық сауықтыру орталығына бару үшін қиындықтарға тап болуда. Яғни тұрғындар орталықтан ем алу үшін арнайы порталға тіркелуі керек. Бірақ көбі тіркеле алмайды. Өйткені бұрын аяқ-қол буындарына ем алу үшін тіркелсе, қазір кардиология мен жарақаттан кейінгі ем алу үшін жатқызылады. Елімізде оңалту бағытындағы жұмыстарға өте жақсы көңіл бөлінуде. Алайда Жаңақаладағы ауданаралық сауықтыру орталығы жабылып қала ма деп уайымдаймын, - деп сұрақ қойды денсаулық сақтау саласының ардагері Қозыкеш Омаров.

-Қозыкеш аға, порталдың неге жұмыс жасамай тұрғанын толық зерттеп шығайын. Сосын сізге нақты жауабын айтамын. Жаңақаладағы ауданаралық аурухана жабылмайды. Ауруханадағы жұмыстың жүйелі жүруін бақылауға аламын, - деп жауап берді облыс әкімі.

Гүлсезім Бияшева,

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице в Instagram и нашем Telegram-канале

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале