30.03.2017, 12:29
Оқылды: 25

Жаңартылған бағдарламаға біртіндеп көшірілмек

Қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі – білім  саласының жаңартылған мазмұнға көшуі. Жаңартылған мазмұнның мәні – функциялық сауаттылық, оны біліп қана қоймай, меңгеру қажет, - деді өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

-  Біз жаңартылған мазмұнды енгізуді кешірек бастасақ та, төрт жылда бұл мәселені шешуге тиіспіз. Былтыр жаңа бағдарлама бойынша 1-сынып оқушылары  оқытыла бастаса, биыл кезек 2,5,7-сынып оқушыларына келді, -деді Ерлан Сағадиев.

Сондай-ақ Білім министрі қазақ тілін деңгейлі оқыту  бірнеше мектепте қанатқақты әдіспен жүргізіле бастайтынын айтты. Осы бағытта тіл мамандарымен бірлесе отырып, тіл білімі саласында қазақ тілінің жиілік сөздігі құрастырылған. Аталмыш кітапқа тұрмыста ең жиі қолданылатын сөздер енгізілген.  Ағылшын тілін оқыту бойынша биылдан бастап 12000 пән мұғаліміне арнап, 9 айлық курс ұйымдастырылмақ. Бұл кезеңде мұғалімдердің жалақысы толықтай сақталып, курстан өтіп келген соң жалақылары тағы көбеймек. Сондай-ақ балаларды ағылшын тілінде оқыту биылдан бастап ата-ананың келісімімен жүзеге асатын болады.

Гүлжамал Кенжеғалиева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале