16.11.2019, 12:43
Оқылды: 152

«Жәнібек ауданының құрметті азаматы» атанды

Облыстық сотта елге танымал заңгер, ҚР Жоғарғы сотының отставкадағы судьясы Ғалихан Бапақовпен кездесу өтті. Жиынды ашқан облыстық соттың төрағасы Бек Әметовтың айтуынша, Ғалихан Айдынғалиұлы - саналы ғұмырын құқық қорғау құрылымдары, соның ішінде сот саласына арнаған жан. Сөйтіп ел-жұрттың ықыласы мен құрметіне бөленген оның өмір жолы көпшілікке, соның ішінде жас әріптестеріне үлгі.

index--01

Бек Әметұлы биыл 70 жасқа толған Ғалихан Айдынғалиұлын батысқазақстандық әріптестері атынан мерейтойымен құттықтады. Бұл шараға арнайы қатысқан Жәнібек ауданы әкімінің міндетін атқарушы Жұбаныш Хайруллин мерейгерді жерлестері атынан құттықтап, оған таяуда «Жәнібек ауданының құрметті азаматы» атағы берілгенін атап өтті. Оның куәлігі мен төсбелгісін табыстап, шапан жапты.

index-01

Сөз алған БҚО билер одағының төрағасы Асқар Атаев, Оралдағы Жәнібек ауданы ардагерлерінің ұйымының басшысы Әбухан Карин және әріптес інілері мерейтой иесіне өз құттықтауын айтты.

-Еңбегіміз бағаланып, түрлі марапаттарға ие болдық. Дегенмен бүгінгі ауданның құрметті азаматы атануым мені ерекше толқытып тұр. Себебі, оның артында жерлестерімнің ықылас-пейілі жатыр. Осындай атақ алуым үшін ұсыныс-тілектерін білдірген достарыма, әріптестеріме, соның ішінде облыстық сот басшылығына ризашылығымды білдіремін. «Ердің атын ел шығарады, елдің атын ер шығарады» демекші, қайда жүрсем де, қайда жұмыс істесем де туған жерімді ұмытқан емеспін. Жәнібек елі менің жүрегімде,-деді Ғалихан Бапақов.

Шара соңы сот саласы қызметкерлері дайындаған шағын концерке ұласты.

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале