31.05.2018, 16:18
Оқылды: 26

Жәнібек пен Бөкей Орда жолдарына қаражат бөлінді

Бүгін облыстық мәслихаттың кезекті 17-сессиясында БҚО әкімі Алтай Көлгінов осылай деді. Ол Елбасының жұмыс сапарының қорытындылары туралы әңгімеледі.

-Елбасы өңіріміздің дамуына қолдау көрсетті. Жылдар бойы халық сұрап,  шешілмей келе жатқан күрделі мәселелер оң шешімін табайын деп тұр. Нұрсұлтан Әбішұлы Бөкей ордасы, Жәнібек, Қазталовтағы жолдарды салуға қатысты тиісті тапсырмалар берді. Күні кеше Елбасының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин жиналыс өткізді. Мен сол жиналысқа қатыстым. Қазір Жәнібек, Бөкей ордасы бағытындағы 275 шақырымдық күре жолдың жобалық-сметалық құжаттамасын жасау керек. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен қаражат бөлінді. Елбасының тапсырмасы бойынша жол құрылысын келесі жылы бастап, бас-аяғы 2-3 жылда аяқтауымыз қажет. Жоспар бойынша 2019-2020 жылдары Сайқынға жолды жеткізуіміз керек, - деді облыс әкімі.

Гүлбаршын Әжігереева

zhaikpress.kz

Фото Темірболат Тоқмамбет

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале