12.11.2019, 13:15
Оқылды: 823

Жәнібек пен Бөкей орда жолы 2021 жылы аяқталмақ

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында өткен орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Ғали Есқалиев айтты.

jol qaztalov-janibek-orda (1)

-Жол – мемлекет инфрақұрылымының маңызды бөлігі. Биыл облыста 364 шақырым жолды жөндеуге және салуға 27,3 миллиард теңге бөлінді. Қазір 335 шақырым жол пайдалануға берілді.

Былтыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өңірімізге сапарында Қазталов, Жәнібек, Бөкей ордасы аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Бұл облыстың оңтүстігіндегі шалғай аудандар.

Жаңадан салынатын жол – 245 шақырым. Оған шамамен 55 млрд. теңге бөлінеді. Жол жөндеу жұмысын жүргізу үшін төрт мердігер анықталды. Үш мердігердің жұмысы баяу. Бұл мәселе индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жіті бақылауында. Кейбір бөліктерінде жұмыс басталды. Жоспар бойынша Орал-Жәнібек-Бөкей орда жолы 2021 жылдың соңында аяқталмақ,- деді облыс әкімі.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале