17.10.2019, 13:00
Оқылды: 139

Жәнібекте 33 шақырым канал жөнделмек

Жәнібек ауданындағы 9 ауылдық округ орталығы орталықтандырылған ауыз сумен 100% қамтылған.

-1 шілде де Борсы ауылдық округінің Тегісшіл елді мекенінде (халық саны 375 адам) ауыз су құбырының құрылысы басталды. «Жайықгазсуқұрылысы» ЖШС жұмысты жүргізуде.

Ұзынкөл ауылдық округінің Енбекші елді мекені және Талов ауылдық округінің Майтүбек елді мекеніне ауыз су құбырын тарту үшін жобалық сметалық құжаттама дайындалды. Жобалық сметалық құжаттамасын дайындауға 4 млн.тенге жұмсалды. Енбекші ауылына су көзі Орда топтық су құбырынан, ал Майтүбекке су көзі 1 шақырым жердегі скважинадан тартылады. Қазір екі жоба ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізілуде. Сараптама қорытындысы қарашада дайын болады. Енбекші ауылына тартылатын ауыз су құбырының құны – 104 млн. теңге болса, Майтүбекке – 189 млн. теңге бөлінбек.

Ал Қамысты ауылдық округіндегі суландыру каналдарын реконструкциялау жұмысы шілденің аяғында басталған. Құрылыстың сметалық құны – 75 522 608 теңге. Облыстық бюджеттен – 20 млн. теңге бөлінген. Нысанның құрылысына – 55 522 608 теңге тағы қажет. Жалпы 33 шақырым суландыру каналы жөнделмек, - деді БҚО Өңірлік коммуникация қызметінің баспасөз алаңындағы брифингте Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев.

 

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале