17.07.2019, 10:45
Оқылды: 528

Жәнібектік сурет және қолөнер шеберлерінің көрмесі ашылды

Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында Оралдағы Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында Жәнібек ауданы суретшілері мен қолөнер шеберлерінің көрмесі ашылды.

1

Аталған шараның ашылуында сөз алған Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев ауданда ұлттық құндылықтарды,  дәстүрімізді, өнерді дәріптеу бағытындағы істерге тоқталды. Қазақстанның қасиетті нысандарының қатарына кірген Ғұмар Қараш жерленген орын, бой көтерген кесене біртіндеп ішкі туризмге ықпал ете бастағанын айтты.

Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығы директорының орынбасары Мәди Сабыров көрмені ұйымдастырушыларға алғыс хат табыстады.

Көрмеге суретшілер Төлебек Есімғалиев, оның суретші егіз ұл-қызы Нағим мен Нағима Төлебековтер, Самиғолла Лұқпанов, қолөнер шеберлері Елдос Сағадатов, Ақтоты Қалиева, Айнұр Тұңғатарованың жұмыстары қойылған. Көрменің салтанатты ашылуына келген жұртқа өнер туындыларын аудандық мектептен тыс жұмыстар орталығының қосымша білім беру педагогы, қолөнер шебері Елдос Сағадатов таныстырды.

Көрме бір ай бойы көрерменін күтеді.

2 3 4 IMG_9810

f1b27169-72de-4743-8a5c-28645a97c38b 2f7a1967-8113-4274-a1cf-79798b72ee9f

cc10a3a7-8f8d-42e7-93be-9e7d285da565

өз тілшіміз

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің 

Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале