7.12.2016, 16:23
Оқылды: 31

Жарайсың, Динара!  

dinaraӨткен қараша айында «Матрица.kz» қоғамдық-саяси порталы «Туған өлкем» («Менің Қазақстаным») деген атпен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жарияланымдар байқауын өткізетіндігін хабарлаған болатын.


Жарияланған байқауға орталық және облыстық басылымдардың журналистері, блогерлер, әлеуметтік желілердің белсенді қолданушылары, студенттер, оқушылар, алуан түрлі мамандық өкілдері қатысқан еді.

Кеше байқаудың қорытындысы белгілі болды. Республиканың түкпір-түкпірінен елге танымал журналистер қатысқан байқауда әділқазылардың бірауыздан дауыс беруімен бас жүлдені БҚО облыстық «Приуралье» газетінің тілшісі, әріптесіміз Динара Киндербаева жеңіп алды!

Жарайсың, Динара! Жеңісің құтты болсын!!!!

Нұрбек Оразаев

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале