18.03.2020, 18:10
Оқылды: 259

Жария мүдделi ұйымдардың қаржылық есептілікті депозитарийге беруі міндетті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы №1173 Қаулысымен бекітілген «Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидаларын бекіту туралы» Қағиданың 4-тармағы бойынша ұйымдар жыл сайын 31 тамыздан кешіктірмей уәкілетті орган депозитарий жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға айқындаған ұйымға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген, уәкілетті орган бекіткен тізбе мен нысандарға сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті береді. Қайтадан құрылған ұйымдар ол тіркелген сәттен бастап, сол жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы кезең үшін жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.

Инвестпроекты

Жоғарыда көрсетілген Қағидада қаржылық есептілікті тапсыру туралы негізгі көрсеткіштері келтірілсе, «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 239 және 250-баптарында қаржылық есептiлiктi ұсынудан бас тарту, белгiленген мерзiмдi бұза отырып ұсыну не оны дәлелді себепсіз ұсынбау және мiндеттi аудит жүргізуден жалтару әкімшілік жаза қолдану қарастырылған.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетімен жүргізілген талдаумен 2018 жылы біздің облысымыз бойынша 17 жария мүдделi ұйымдар (бұдан әрі-ЖМҰ) қаржылық есептілікті депозитарийге қаржылық есептілікті, оның ішінде 13 ұйым қаржылық есептілікті, 4 ұйым аудиторлық есептілікті ұсынбаған.
Департаментпен «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 239-бабымен 10 ұйым қаржылық есептілікті, 250-бабымен 2 ұйым аудиторлық есептілікті қаржылық есептілік депозитарийне ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұндай бұзушылықтарды жібермеу үшін барлық жария мүдделі ұйымдар депозитарийға есептілікті уақтылы ұсыну үшін тиесілі шаралар қабылдаулары тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес аудит жүргізуге міндетті ұйымдар уақтылы қаржылық есептілік аудитін жүргізуі қажет.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале