14.10.2017, 11:36
Оқылды: 22

Жәрмеңке жалғасуда

received_750840558447364Бүгін облыс орталығындағы М.Ықсанов атындағы көше бойында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде.

Аталған көшені бойлай орналасқан сауда алаңына келушілердің қарасы көп. Облыс әкімі Алтай Көлгінов жәрмеңкеге арнайы келіп, өз өнімдерін ұсынған шаруалар мен тілдесіп, қала тұрғындардың пікірін білді.
Жалпы ағымдағы жылы облыс көлемінде 185 ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Облыс орталығындағы бүгінгі жәрмеңке 25-ші мәрте өткізіліп отыр. Сауда алаңына шығарлылған өнімдердің бағасы нарықтағы тауар құнынан 15-20 пайыз арзандатылған.
Сауда алаңында ауыл шаруашылық өнімдерінің барлық түрі шығарылған. Жәрмеңкеде сиыр етінің бағасы 1200 теңгеден, балықтың келісі 600-700 теңге, тауық жұмыртқасының он данасы 160 теңге, картоп 70-90 теңге, қырыққабат пен сәбіз 50 теңгеден, пияз 60-65 теңгеден сатылуда.
Біз жолыққан жәрмеңкеге келуші қала тұрғындары жергілікті халық үшін осындай жағдай туғызған облыс әкімдігі мен құзырлы мекеме-кәсіпорын басшыларына, өндіруші кәсіпкерлерге дән риза екендіктерін айтты.
Халық игілігі үшін ұйымдастырылған шара ертең, яғни жексенбі күні де жалғасын таппақ.
Нұрбек ОРАЗАЕВ,
«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале