Бүгін, 30 наурыз күні Оралдағы Ықсанов көшесінің бойында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге Бәйтерек, Қаратөбе, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарының, Орал қаласының ауыл шаруашылық өнімдері шығарылып, барлығы 96 тауарөндіруші қатысты. Оларға сауда орындары тегін берілді.
Жәрмеңкеде барлығы 3 бас жылқы еті, 16 бас сиыр еті, 27 000 дана жұмыртқа, 6,3 тонна картоп, 0,3 тонна қырыққабат, 0,7 тонна сәбіз, 0,6 тонна пияз, 3,7 тонна балық, сондай-ақ шұжық, сүт өнімдері, жеміс-жидектер барлығы жалпы 2,9 млн. теңгеге сатылды.
Жәрмеңкеде бағалар нарықтағы бағадан 15-20% төмен болды.