30.03.2019, 15:03
Оқылды: 28

Жәрмеңкедегі бағалар нарықтан 15-20% төмен

Бүгін, 30 наурыз күні Оралдағы Ықсанов көшесінің бойында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

IMG-20190330-WA0065

Жәрмеңкеге Бәйтерек, Қаратөбе, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарының, Орал қаласының ауыл шаруашылық өнімдері шығарылып, барлығы 96 тауарөндіруші қатысты. Оларға сауда орындары тегін берілді.

IMG-20190330-WA0060

Жәрмеңкеде барлығы 3 бас жылқы еті, 16 бас сиыр еті, 27 000 дана жұмыртқа, 6,3 тонна картоп, 0,3 тонна қырыққабат, 0,7 тонна сәбіз, 0,6 тонна пияз, 3,7 тонна балық, сондай-ақ шұжық, сүт өнімдері, жеміс-жидектер барлығы жалпы 2,9 млн. теңгеге сатылды.

Жәрмеңкеде бағалар нарықтағы бағадан 15-20% төмен болды.

IMG-20190330-WA0058

IMG-20190330-WA0064

IMG-20190330-WA0071

IMG-20190330-WA0066

IMG-20190330-WA0070

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале