12.05.2020, 14:52
Оқылды: 323

Жас полиглоттар жаңа белестерді бағындыруда

Бірнеше шет тілін қатар меңгеру қазақстандық мектеп оқушылары үшін қалыпты жағдайға айналды.

3DF2F68E-7020-423B-9928-C22895A62822

Өйткені тіл білудің көптеген артықшылығы бар, сонымен қатар дүниетанымды кеңейтіп, қарым-қатынас дағдыларын дамытады.

Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының неміс тілін меңгеріп жатқаны бірінші жыл емес. Бірнеше ай бұрын олар неміс тілінде сауатты жазуды насихаттау мақсатындағы «Tolles Diktat» халықаралық акциясына қатысты. 11-сынып оқушысы Тимур Болатов Қазақстанды лайықты түрде таныстырып, бірінші орын алған болатын.

Осы аптада Тимур тағы бір жеңісімен қуантты, ол Қазақстандағы Гете институты ұйымдастырған неміс тілінен республикалық олимпиадада екінші орынды иеленді. Биыл олимпиада пандемияға байланысты онлайн режимде өтті, қатысушылар тест тапсырып, сөйлеу дағдыларын көрсетті. Бірінші орынды жеңіп алған қатысушының нәтижесінен сәл ғана аз ұпай жинаған оралдық зияткер неміс тілі бойынша Халықаралық олимпиадаға қатысу резервіне енді.

Тимур жеті жұрттың тілін меңгеруді армандайды. Қазір ағылшын тілінен басқа неміс және жапон тілін үйреніп жүр.

– Жапон тілін меңгеруді хоббиім деп айтар едім, жаңа нәрсені үйрену маған қуаныш сыйлайды. Мен тіл үйрену барысында бәрінен бұрын сөздік және оқу дағдысына мән беремін, өйткені бұл тілдің маңызды бөліктерінің бірі деп ойлаймын, –  дейді ол.

  Айдана Хамидуллина

Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале