1.02.2019, 18:36
Оқылды: 72

Жас журналистерге арналған "Bilgen - dara bol" байқауы жарияланды

"Түркітілдес журналистер қоры" ҚҚ мен "Serpin" Ұлттық білім инновациялық палатасы бірлесе отырып, жас журналистерге арналған "Bilgen - dara bol" жобасын бастады.Қордың президенті Нәзия Жоямергенқызының айтуынша, байқауға 2-11 сынып аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады.

ttjq

 "Түркітілдес журналистер қорының жанынан былтыр Жас журналистер мектебін ашқанда еліміздегі журналистикаға қабілетті барлық балаға бірдей мүмкіндік беруді көздеген едік. Əзірге Алматыда ашылған Жас журналистер мектебі жұмыс жасап жатыр. Балалар төрт айдың ішінде журналистика жанрларын үйренді, сюжет дайындау, сұхбат алу, фоторепортаж жасау, ақпараттарды тауып, өңдеу, жарнама, PR, авторлық құқық т.б. маңызды тақырыптарды меңгерді. Бұйыртса, жақын күндері балалармен бірге шетелдік сапарға дайындалып жатырмыз. Мұндай мүмкіндіктерден шалғай аймақтардағы кейбір дарынды балалар шет қалады. Осы орайда, Түркітілдес журналистер қоры "Bilgen" ұлттық авторлық методика және бағалау орталығымен біріге отырып, жас ұрпақты журналистика саласына бейімдейтін əрі ұлттық құндылықтарды бойға сіңіретін "Bilgen - dara bol" жобасының келісімшартына қол қойып, ережесін бекітті. "Serpin" Ұлттық білім инновациялық палатасы қолдау көрсететін бұл жобаға Қазақстанның ауыл-аймақтарындағы 2-11 сынып оқушылары түгел қатысуға мүмкіндігі бар", - дейді ол.

Нәзия Жоямергенқызы жобада Мемлекет басшысының Ұлы даланың жеті қыры" мақаласында айтылған мəселелер негізге алынатынын айтты. Сонымен қатар, жас журналистерге түркітілдес елдердің өкілдері қазылық етеді

"Байқау түрінде өтетін "Bilgen - dara bol" жобасының басты тақырыптарына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласында айтылған мəселелер негізге алынады. Бес кезеңді қамтитын байқаудың республикалық деңгейдегі төртінші кезеңінде үздік материалдарды елімізге танымал журналистер қауымы сарапқа салады. Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Астана қаласында өткізіледі, бұйыртса. Ал Қазақстан, Түркия, Əзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан т.б. түркі елдерінен оқушылар қатысатын халықаралық деңгейі - бесінші кезеңде қазақ журналистермен бірге əлемдік БАҚ-та жұмыс істейтін журналистер қазылық етеді. Иделогиялық маңызы зор жобаға қолдау көрсеткен "Serpin" Ұлттық Білім Инновациялық Палатасы мен бізге сенім артқан серіктесіміз - "Bilgen" ұлттық авторлық методика және бағалау орталығына алғысымыз шексіз! Арамызға қосылатын жас журналистерге қош келдіңіздер дейміз! " - деп бөлісті қор президенті.

Жоба туралы толық ақпарат Түркітілдес журналистер қорының ресми сайты www ttjk kz жəне "Bilgen" ұлттық авторлық методика және бағалау орталығының ресми сайты www.bilge.kz жарияланады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале