17.06.2020, 10:45
Оқылды: 779

Жасөспірімдерді суицидке итермелейтін топтың «кураторы» Түркістан облысында ұсталды

Түркістан облысында жасөспірімдерді суицидке итермелейтін топтың «кураторы» ұсталды.

Kiberkylmys

ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, топ жетекшісінің тұлғасын анықтау интернет желісіне мониторинг жүргізу кезінде мүмкін болған. ІІМ Криминалдық полиция және тергеу қызметкерлері кәмелетке толмаған қазақстандықтардың қатысуымен өз-өзіне қол жұмсау сипатындағы топ туралы ақпарат тапқан. Бұл топтың мүшелерін анықтау және ұстау үшін ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл орталығының және Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылған. Одан арғы жұмыс барысында полицейлер интернетте ұйымдастырушының  жеке бас деректері мен мекенжайын анықтап, қолға түсірген. Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты.

Kiberkylmys2

«Оның үйін тінту кезінде ноутбук, ұялы телефон, сим-карта салынған 3 қорап және басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Телефонынан Telegram-да ашылған суицидтік бағыттағы каналдар болды. Қазіргі уақытта аталған жайт адам өлтіруге оқталу бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын тексеруде. Сондай-ақ жасөспірімдерді осындай өлімге әкелетін ойындарға қатыстыруы мүмкін адамдарды және арна қатысушыларының өздерін де анықтау үстінде», - деп атап өтті ІІМ-нен. Министрлік ата-аналарды балалардың виртуалды өміріне бақылауды күшейтуге шақырады. Және шұғыл қажетті шаралар қабылданатын осыған ұқсас жайттар орын алса, тез арада полицияға хабарлауды сұрайды.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале