21.04.2017, 10:21
Оқылды: 17

Жастар ойыны өз мәресіне жетті

Орал қаласында қазақша күрестен ҚР IV Жастар ойыны өтті.


Аталмыш жарыстың ашылу салтанатында мемлекеттік жаттықтырушы Марат Жақыпов пен жарыстың бас төрешісі Шалқар Жоламанов сөз сөйлеп, боз кілемде белдесетін жас балуандарға сәттілік тіледі.

200-ге жуық балуандар екі күн бойы өз бақтарын сынады. Жарыс қорытындысында А. Қайырбеков (55 келі ШҚО), Ә. Құлшым (60 келі Атырау), Б. Әбдурахманов (66 келі ОҚО), А. Наниев (74 келі Алматы), Е. Жанатаев (82 келі Алматы), Ж. Құдайберген (90 келі Қарағанды), О. Кенесары (-100 келі Алматы), Е. Ниязов (+100 келі Алматы) және түйе палуан М. Әбдімәлік (Астана) жарыстың жеңімпаздары атанды.

Темірболат ӘНУАР

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале