21.04.2017, 17:56
Оқылды: 24

Жастар отырысы өтті

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын  талқылауға орай кездесу өтті.


Шараға «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлектері, жастар ұйымдарының жетекшілері, жоғарғы оқу орнының студенттері қатысты.

-Ең алдымен, Президенттің мақаласындағы ең соңғы сөйлемге назар аударғым келеді. Онда адам өмір сүре білу үшін өзгере білу керек, өзгере білмеген халықтар тарихтың шаң-тозаңында қалатындығы айтылған еді. Президент «Туған жер» бағдарламасын жасап, туған ел ұғымына айналдыру мәселесін қойып отыр.

Осының барлығы ұлттық модернизацияға серпін беретін болады. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың ұлттық болмысын сақтап қалумен қатар бәсекеге қабілеттілігін арттыруға баса мән берілді. Бұл тек бүгінімізге ғана шолу жасаған мақала емес. Онда болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат деп түсінемін. Болашақта аталған мақалаға орай бірнеше шаралар қолға алынбақ,- деді жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы Аян Сакошев.

Гүлсезім БИЯШЕВА

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале