5.10.2018, 22:29
Оқылды: 54

«Жастар жылы» жастарға мол мүмкіндіктер береді

 

Елбасы Н.Назарбаев дәстүрлі Жолдауында алдағы 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынды. Бұл дегеніміз Мемлекет басшысының жастарға үлкен сенім артуы. Тек сенім ғана емес, жауапкершілік пен міндеттер жүктеуде. «Жастар жылының» жариялануы өз кезегінде жастарға мол мүмкіндіктер береді.

Біз жастарымыздың бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталған көптеген жоба-жоспарларымызды одан әрі дамытып, жүзеге асыратын боламыз. Бұл игі істер келер және одан кейінгі жылдары да өз жалғасын табатын болады.

«Рухани жаңғыру», «Бес әлеуметтік бастама», «Болашақ» және «Серпін» сынды көптеген бағдарламалар мен жобаларды жастарға әлі де болса, кеңінен түсіндіру қажет.

Бұдан бөлек, «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты бүгінгі Жолдауды жастарға насихаттап, түсіндіру жұмыстары жүргізілуі керек.

Манарбек ӘЖКЕНОВ,

Зеленов аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале