30.11.2018, 15:59
Оқылды: 77

Жастар жылында БҚО-да 15 жоба қолға алынбақ

Бүгін Орал қаласындағы «Достық» үйінде Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қоғамдық келісім кеңестерінің VI облыстық форумы өтті.

 qogamdyq kelisim (1)

Форум жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов, облыстық және аудандық деңгейдегі қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары, аналар мен ақсақалдар кеңестерінің, этномәдени бірлестіктердің, қалалық және аудандық ішкі саясат бөлімдерінің жетекшілері, БҚО ҚХА кафедрасының, ғылыми-сараптамалық топтардың және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері қатысты.

-Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауы алдымызға маңызды міндеттер қойып отыр. Оның негізгі бағыттарының іске асырылуына әрбір қазақстандықтың атсалысуында қоғамдық келісім кеңестерінің рөлі ерекше болуы керек. Біз Жолдау жүктеген міндеттерді орындау тетіктерін, алдағы жұмысымыздың басты бағыттары мен нақты іс-қимыл шараларын талқылау мақсатында бас қосып отырмыз, - деген облыс әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе жүзеге асырылатын жобаларға жеке-жеке тоқталып өтті. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандарға «қолайлы орта» туғызуға бағытталған «Кедергіге жол жоқ» әлеуметтік жобасы, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру мақсатын көздейтін «Қоғамдық тестілеу» жобасы, ауылдағы жұмыссыздықтың алдын алуы тиіс «Жаңғырған ауыл» жобасы, Достық үйінің жанынан «Тәлімгерлер клубын» ашу, жастар арасында «Ауыл әкімі болғым келеді» байқауын ұйымдастыру сияқты кешенді жұмыстар бар.

Сонымен қатар Елбасы Н.Назарбаевтың 2019 жылды «Жастар жылы» деп бекітуіне байланысты облыста «Жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қозғалысын жол картасы жүзеге асырылмақ. Ауыл және қала жастарын, жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттерін, жастар бірлестіктері мен үкіметтік емес ұйымдарды, сондай-ақ өзін-өзі қамтитын және  жұмыссыз жастарды ортақ мүддеге жұмылдырып, бір арнаға тоғыстыру арқылы ұлттық идеологияны жандандыруды мақсат тұтқан өңірлік жол картасы аясында 15 ірі жоба қолға алынбақ. «Аквариум» және «Хакатон «Social Assembly» форматындағы диалог алаңын құру, «Жастар шақырады» шығармашылық байқауын, жас отбасылар арасында «Берекелі шаңырақ» байқауын, «Медиация – бірліктің негізі» әлеуметтік жобасын, «Мақсатқа жет» білім платформасын, «Бір дастарқан басында» және «Мейірімді жастар» республикалық акцияларын және т.б. шараларды өткізу жоспарланған.

Форум барысында қалалық және аудандық қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары мен белсенді мүшелері облыс әкімі Алтай Көлгіновтің атынан алғыс хатпен марапатталды.

Шара биыл екінші жыл қатарынан ұйымдастырылған «Туған елім - тірегім» фестивалімен жалғасты. Фестивальдің мақсаты – ел ішіндегі танылмаған таланттарды анықтап, олардың туған жерге арнап шығарған ән-жырларын халық арасына кеңінен насихаттау болып табылады.

qogamdyq kelisim (10) qogamdyq kelisim (9) qogamdyq kelisim (8) qogamdyq kelisim (7)

qogamdyq kelisim (3) qogamdyq kelisim (5)

Динара ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,

суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале