12.12.2018, 11:39
Оқылды: 66

Жастар жылында жаңа жинақ шығарылмақ

«Жайық Пресс» медиахолдингінде Қазақстан Жазушылар одағының облыстағы мүшелері бас қосты. Олардың қатарында Ақұштап Бақтыгереева, Айтқали Нәріков, Ғайсағали Сейтақ, Бауыржан Ғұбайдуллин, Амангелді Шахин, Мира Шүйіншәлиева, Мұнайдар Балмолдалар болды.

 jana jinaq (1)

Алқалы жиында Ақ Жайықтың мақтанышына айналған ақын Ақұштап Бақтыгерееваны Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атануымен құттықтап, «Жастар жылына» арналған тың бастамалар туралы талқылады.

-Өздеріңіз білесіздер, Елбасымыз келер жылды «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Өңірімізде жас ақын-жазушылар аз емес. Соларды қанаттандыру мақсатында төл туындыларынан шығармалар топтамасын шығарсақ деген ұсынысым бар. Осы орайда сіздердің ақыл кеңестеріңіз қажет. Бірлескен жоба ретінде атқарып шықсақ деймін. Сонда жас таланттарымызға үлкен қолдау болар еді,- деді «Жайық Пресс» медиахолдингінің бас директоры Рауан Сәбитов.

         Бас қосу барысында ақын-жазушылар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.

-Қазақ «Өнер - жастан, асыл - тастан» деп бекер айтпаған. Бұл бастамаларыңызды қолдаймыз. Батыста Қадыр Мырза Әли, Жұбан Молдағалиев салған сара жол бар. Студенттердің арасында да таланттар көп. Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері әр қайсысына алғысөз жазып, бағасын берсін. Бұрын «Жас қанат» деген кітап шығатын еді. Оған алғаш Сағи Жиенбаев, Қадыр Мырза Әли, Жұмекен Нәжімеденовтың өлеңдері жарияланған кезде жастана жатып жаттайтын едік. Жастарды қолдап, бір мөлдіреген жинақ шығарайық. Сонда олар да риза болып, айтып жүретін болады,- деді Ақұштап Бақтыгереева.

Сондай-ақ жиында Қазақстан Жазушылар одағының облыстағы мүшелері қатарын қалам тербеп жүрген ізбасар ақын-жазушылармен толықтыру мәселесі де сөз болды.

jana jinaq (2) jana jinaq (10) jana jinaq (11)

                                                                          

Гүлсезім БИЯШЕВА, 

суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале