9.06.2019, 18:35
Оқылды: 217

«Жастардың саяси науқанға белсене араласқандары қуантады»

Орал қаласындағы №478 сайлау учаскесінде тіркелген сайлаушылардың қазіргі таңда 30 пайыздан астамы дауыс берген.

vybory

Сайлау учаскесінің төрайымы Ләззат Сағынғалиеваның сөзінше, тіркелген 2571 сайлаушының 620-сы түскі сағат 13.30-ға дейін өз таңдауларын жасаған. 20 адам үй жағдайында дауыс беруге өтініш түсірген.

-Еліміздің болашағына алаңдап, сайлауға немкетті қарамай, дауыс беруге келгендердің қарасы қалың. Бұл сайлау тәуелсіз Қазақстан үшін аса маңызды ғой. Сондықтан кешке дейін тіркелген барлық сайлаушылар өз таңдауларын жасайды деген сенімдемін, - дейді Ләззат Тарасқызы.

«Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан бақылаушы міндетін атқарып отырған Қуанышбай Құтжановтың айтуынша, күллі әлем көз тігіп, бақылап отырған бұл сайлау әділ өтуге тиісті екенін айтады. «Сайлаудың маңыздылығын үлкендерден бөлек жастар да жақсы түсінсе керек, таңертеңнен бері дауыс беруге жастар көптеп келуде. Жастардың еліміздің болашағы үшін алаңдап, саяси науқанға белсене араласқандары қуантады», - дейді ол.

Есенжол ЕЛЕКЕНОВ

Бәйтерек ауданы

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале