12.05.2017, 12:36
Оқылды: 68

«Жасыл телефон» іске қосылды

CAL centr2   Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасында «Жасыл телефон» диспетчерлік желісі жұмыс істейді.

      Жасыл телефон – қоршаған ортаны ластау  мен экологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша тұрғындар мен кері байланысты қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмыс жасайтын экологиялық диспетчерлік желі болып табылады.


     Тұрғындардың экологиялық бұзушылықтары туралы барлық өтініштері қабылданады (атмосфералық ауаны қорғау, суды, топырақты қорғау, суды пайдалану, жер қойнауын пайдалану, қалдықтармен жұмыс істеу, аң аулау, су биоресурстарын сақтау, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын сақтау, жасыл көшеттерді қорғау саласындағы бұзушылықтар).

     Облыс тұрғындары [email protected] тәулік бойы жұмыс жасайтын экологиялық диспетчерлік қызметтің электрондық мекен-жайына экологиялық бұзушылықтар туралы өз өтініштерін қалдыра алады.

     Сондай-ақ 8 (7112) 50-47-98,  50-48-24 қабылдау бөлмесі, 8 775 688 62 32 ұялы телефондары бойынша хабарласуға болады.

Батыс Қазақстан облыстық

прокуратурасының баспасөз қызметі

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале