6.03.2017, 10:37
Оқылды: 15

Жасыл технологиялар орталықтары даму үстінде

Қазақстанның жасыл экономикаға көшуі жөніндегі Тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 2015-2016 жылдар аралығында G-Global Халықаралық Хатшылығы «Жасыл» экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ-мен бірігіп, жасыл технологиялар орталығын ашу туралы бастама көтерген болатын.


Бүгінгі таңда елімізде осындай 7 бірегей орталық қызмет етеді. Олардың негізгі қызметі мен басты мақсаттары жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Жасыл» экономиканық қолдау мен G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ Басқарма төрайымы СалтанатРақымбекова мен өңірлердегі ЖТО жетекшілері айтып берді.

Жасыл технологиялар орталықтары Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан.

Алғашқы жас технологиялар орталығы 2015 жылы қыркүйек айында Аршалы ауданының Арнасай ауылында ашылған болатын. Оның басшысы Татьяна Немцанның айтуынша, бүгінгі күні аталған орталық қабырғасында елдің барлық өңірлерінен, сондай-ақ шетелден келген қатысушылар үшін білім алуға мүмкіндік бар. «Мұнда қатысушылар 35 «жасыл» технологияның іске асырылуымен таныса алады. 2015-2016 жылдар аралығында барлығы 4000-нан аса қатысушылар білім алды», – деп атап өтті Т.Немцан.

2016 жылы Алматы облысының Қарасай батыр ауданында «EcoFermer» Білім орталығы» ЖШС-пен бірлескен «EcoFermer» шаруа қожалығы базасында аттас жасыл технологиялар орталығы ашылған болатын. «Мұнда Фермерлер, саяжай иелері, жылыжай жұмыскерлері, ауыл тұрғындары және басқа да ниет білдірушілер оқу курстарынан өтеді. Аталған орталықты құру мақсаты адамзат пен табиғатқа залал келтірмей, шығындарды қысқартып, табысты арттыра отырып, «жасыл» технологиялардың жұмысын тәжірибе жүзінде көрсету. Мұнда биогазды жабдықтар, күн энергетикасы, калифорниялық құрттардың көмегімен органикалық қалдықтарды қайта өңдеу жабдықтары орнатылған. ЖТО қызметінің негізгі бағыттары: экоқұрылыс; баламалы энергия көздері, фермерлік, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, омарташылық, биобақылау және тағы басқалары», – дейді «EcoFermer» ЖТО жетекшісі Денис Тен.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале