2.06.2017, 17:31
Оқылды: 23

Жасылелдіктердің еңбекақысы – 60 мың теңге

18813193_1276766689119750_7015303226470436625_nБұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында кезекті баспасөз мәслихатында айтылды. Жиынға облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аян Сакошев, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары штабының БҚО филиалының басшысы Қанат Досмағамбетов және «Студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары» ЖҚБ төрағасы Әділгерей Зұлхаров қатысты.

– 1 маусымнан бастап «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары мен студенттік құрылыс жасақтарының маусымдық жұмысы басталды. Биылғы жылы маусым-қыркүиек айларында «Жасыл ел» бағдарламасы аясында 1175, ал құрылыс жасақтары бойынша барлық аудандардан 350 сарбазды жұмысқа тарту жоспарлануда.  Жасыл елдіктердің жұмысы аумақтарды және өзен алқаптарын тазалап, көшет отырғызу бағытында болады. 2017 жылғы «Жасыл ел» бағдарламасының ерекшелігі – еңбекақының 60 мың теңгеге көтерілгені, - деді Аян Қажимерұлы.

Баяндаушылардың мәлімдеуінше, «Жасыл ел» облыстық штабы, «Жайық Таза қала» ұйымы және аудандық орман шаруашылықтары жастарды жұмысқа қабылдау бойынша меморандумға қол қойған.

Айым ТӨЛЕУҒАЛИ,

«Орал өңірі» 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале